«ҚазАвтоЖол» мен «Қазақавтодорды» біріктіру қашан аяқталады?

«ҚазАвтоЖол» мен «Қазақавтодорды» толық біріктіру 2022 жылы қарашаның аяғына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серік Айдос мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бұған дейін жарияланғандай процесс (компаниялардың бірігуі) басталды. Бұл уақытты қажет етеді. Қараша айына дейін жұмысты аяқтаймыз», – деп түсіндірді Серік Айдос.

Оның айтуынша, біріккен компанияға ребрендинг жасау мәселесі қарастырылмаған.

«Қысқарту мәселесіне келсек, әзірше 10 пайызға жуық қысқартамыз. Бұл шамамен 30 адам. Ұлттық компанияның мәртебесі сақталады», – деді компания басшысының орынбасары.

Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) «ҚазАвтоЖол» мен «Қазақавтодор» бір компанияға біріктірілгенін хабарлады.

Comments (0)
Add Comment