Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков облыс орталығының бірқатар тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар жер кезегі, тұрғын үй мәселесі бойынша сауалдар қойды. Сонымен қатар, көше қиылысына бағдаршам орнату, құбыр ауыстыру, балабақша мен мектеп ауласының жолын жөндеу, шет аумақтарға қоғамдық көлікті реттеу, тал кесу және қоқыс жинауға қатысты сұрақтар жолдады.
Қабылдауға келген әрбір тұрғынның сауалы назардан тыс қалмайды. Қала әкімі азаматтардың сұрағын жауапты мамандарға тапсырып, заң аясында шешімін табатындығын айтты.