«Азаматтар орысша сөйлеуге арланады» – Зеленскийдің Ресей БАҚ өкілдеріне сұхбаты (ВИДЕО)

Украина Президенті Владимир Зеленский Ресейдің оппозициялық журналистеріне онлайн сұхбат берді деп хабарлады turkystan.kz.

Зеленский ақпарат құралдарының өкілдеріне Ресейдің басқыншылық саясатын айыптап, украин қарулы күштерінің өз елі, өз жері үшін соңғы демге дейін соғысатынын, бейбіт өмір үшін соғысты кез-келген уақытта тоқтатып, Ресеймен келісімге келуге болатынын атап өтті.

Сонымен бірге ол биолаборатория, өздерін-өздері «республика» деп жариялаған «ЛХР» мен «ДХР» құрылымдары, Батыстың Ресейге санкциялары, орыс тілінің мәртебесі, орыстілді азаматтардың жағдайы мен басқа да сұрақтарға жауап берді.

Орыс тілі туралы айтқанда Зеленский: «Білесіздер ме, соғыстан кейін орыстілді азаматтардың өздері енді орысша сөйлеуге арланатын болады», – деді ол сөзінің соңында.

 

Comments (0)
Add Comment