«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Жер кадастры бағыты

Елбасы жариялаған Бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, мүлікті рәсімдеу саласында қызмет көрсететін басты республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды біріктіру арқылы 2016 жылдың 11 сәуірінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылды.
Филиал жер қатынастары, геодезия, картография және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтің 16 түрінен қызмет көрсетуде. Барлық қабылданатын құжаттар халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы қабылдануда.
Филиал және оның аудандық бөлімдері сапалы және уақытылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қазіргі заманғы техникамен: спутниктік аспаптар GPS, электронды тахеометр және арнайы бағдарламалармен қамтамасыз етілген компьютерлік техникамен жабдықталған. Сондай-ақ облыс орталығында және Кордай ауданында арнайы спутниктік аспаптармен жер учаскелерінің орналасуының нақты мәліметтерін алуға 200 км радиуспен әрекет ететін стационарлық станция орналастырылған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жұмыстарына сәйкес жер қатынастары саласындағы 2 мемлекеттік қызметті көрсету процесін жеңілдетудің пилоттық жобасын іске қосуды жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылды. Олар: жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау және жерге орналастыру жобаларын жергілікті атқарушы органдарда бекітуді жүзеге асыру. Бүгінгі күні пилоттық жоба жұмыс тәртібіне ауыстырылып, бірқалыпты жұмыс жасауда.

Б.Муканов,
Жер кадастры басқармасының басшысы

Comments (0)
Add Comment