Қазақстандық актер Азамат Сатыбалды марқұм әкесін еске алып, анасына ұзақ ғұмыр тіледі. Ата-ананың қадірі туралы сөз қозғады. Анасына деген махаббаты мен әкеге деген сағынышын айтты,- «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
“Әкем дүниеден өткеннен кейін, анаммен өткізген әрбір сәтті бағалаймын.
Анамның таңертең әдемі жымиып, маңдайымнан сүйіп, “айналайын”
деген бір ауыз сөзі – мен үшін баға жетпес бақыт. Анамның әкемді сағынып жүргенін іштей сеземін. Сол сағынышын сәл болса да басу үшін құшақтап сүйе беремін”, – деп жазды актер.
Актер әкесі қайтқалы бері ананың қадірін түсінгенін айтты. Тіпті анасын жоғалтып алудан қорқады. Әкесімен іштей тілдесіп, оны өзімен алып кетпеуін сұрайды. Мұның бәрі пендешілік қиял екенін түсіне отырып, Алладан дұға етеді.
“Қалай аяласам да, әкемнің “Әй кемпір жүр шай ішейік” деген бір ауыз сөзіне жетпейтінін тағы білемін. Бұл енді заңдылық. Қазір анамды қызғанатынды шығардым. Бәрінен қызғанамын. Ешкімге бергім келмейді, тіпті әкеме де. Өйткені, әкем алып кететіндей көрініп тұрады. Әкемнен іштей анамды шақырмашы деп сұраймын. Әкемді де жақсы түсінемін. Сағынып жатқан шығар. Бірақ менің әкем ақ көңіл, өте кең адам болған. Анамның балаларының ортасында ойнап күліп жүргеніне қуанбаса, қарсы болмайды”, – дейді Азамат Сатыбалды.
Саят Медеуов: Әкемді қатты қызғанушы едіңіз қалдырыңызшы бізге, өзіңмен әкетпеші, Мама
Назгүл Қарабалина: Азамат сүйіктісімен айырылысып қиналып жүрген уақытты пайдаланып, оған күйеуге тиіп алдым
Өнер өкілі әкесінің өмірде өте жомарт жан болғанын айтады. Сондықтан анасының балалардың қасында болғанын қалайды деп сенеді. Анасына Алладан ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тіледі.
“Осының бәрі Алланың құзырында екенін жақсы білемін. Менікі бір пендәуи қиял ғой. Айтқым келгені басқа еді. Анашым деніңіз сау болып, арамызда ойнап күліп, ұзақ жүруіңізді Жаратушы ием нәсіп етсінші. Бар тілегім осы ғана. Қабыл етші Жасаған”, – деп жазды.
Актердің әріптестері ақ тілегін арнап жатыр.
“Анаңызға бақытты баянды ұзақ ғұмыр тілеймін Азеке. 100 жасасын”, – деп жазды Нұрлан Әлімжан.
“Анаң жүз жасасын! Ауырмай қастарыңда ұзақ болсын!”, – деді Толқын Забирова.
“Ұзақ жасасыншы, тек ауырмасын. Еркелеп бала болып жүре бер”, – деп жазды Айгүл Иманбаева.
“Анамыз 100 жасасын”, – дейді Әділ Ахметов.