Қазақ қызы әдебімен әдемі

Бүгін Тараз сервис және технология колледжі студенттерінің арасында «Инабатты ару-2024» байқауы өтті.  Қалалық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған бұрымдылар сайысы қыз балалардың жан-дүниесінде көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеудегі салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеуді мақсат етті. Сондай-ақ қыз тәрбиесіне баса назар аудару және ұлттық құндылықтарымызды жастар арасында насихаттауға бағытталды.

10 ару бақ сынаған байқауда бас жүлдені Сабина Елемес иеленсе, І орынға Ақниет Зарымбек лайық деп танылды. Ал жүлделі ІІ орынды Әнел Шәріпхан, ІІІ орынды Ақнұр Жанқұл иеленді. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Comments (0)
Add Comment