Қазақтың тұңғыштары: 10 тұлға

Қазақтың саяси, қоғамдық өмірінде, әдебиет пен мәдениетінде, өнерінде тұңғыш болып із салған тұлғалар бар. Turkystan.kz сайты назарларыңызға солардың ішіндегі 10 тұлға туралы дерек ұсынады.

Жамбыл ЖАБАЕВ

Тұңғыш «ХХ-ғасыр Гомері» атанған тұңғыш қазақ;

Ешкімнен жеңіліп көрмеген тұңғыш айтыс ақыны;

1938 жылы 15 шілдеде Қазақ ССР Жоғары Советінің тұңғыш сессиясын өлеңмен ашқан ақын;

Қазақстанның тұңғыш 100 жасаған ақыны.

Әлихан БӨКЕЙХАНҰЛЫ

Орынборда «Алашорда» деген атпен алғаш құрылған қазақ өкілдерінің тұңғыш төрағасы;

«Коммунистер манифесін» тұңғыш қазақшаға аударған қазақ.

Қажымұқан МҰҢАЙТПАСҰЛЫ

Французша күрестен әлемнің чемпионы болған тұңғыш қазақ;

Еркін күрестен әлемнің чемпионы болған қазақ;

Джиу-джитса (карате) күресі бойынша дүниежүзі біріншілігінің жеңімпазы болған тұңғыш қазақ.

Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Тұңғыш қазақ тіл білімі ғылымының негізін қалаған адам;

Тұңғыш әдебиеттану ғылымының негізін салған адам;

Арап қарпіндегі тұңғыш төте жазу әліпбиін жасаушы;

Тұңғыш тіл ғылымына және әдебиеттануға қатысты қазақ терминдерін жасап, ғылыми айналымға түсіруші.

Мұхамеджан ТЫНЫШПАЕВ

Қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері;

Қоқан автономиясының тұңғыш Үкімет басшысы;

Кеңес заманында қазақ халқының ежелгі тарихын жазған тұңғыш зерттеуші.

Қоңырқожа ҚОЖЫҚОВ

Тұңғыш қазақша «Әліппе» оқулығын шығарушы.

Әліби ЖАНГЕЛДИН

Дүниежүзі пролетариатының көсемі аталған В.И.Ленинмен бірнеше рет кездескен, пікірлескен тұңғыш қазақ;

Тұңғыш революциенер қазақ.

Міржақып ДУЛАТОВ

Тұңғыш қазақ романының авторы;

Бастауыш мектеп балаларына арнап тұңғыш оқулық жазған жазушы.

Әміре ҚАШАУБАЕВ

Шетелде жүлде алған тұңғыш қазақ әншісі.

Санжар АСФЕНДИЯРОВ

Мәскеу Мемлекеттік университетінің тұңғыш қазақ профессоры;

Шығыстану институтының тұңғыш қазақ ректоры;

Қазақ университетінің тұңғыш директоры;

Қазақ медицина институтының тұңғыш ректоры;

Қазақтан шыққан тұңғыш көп тіл білетін полиглот ғалым;

Тұңғыш «Қазақстан тарихы» атты тарихи еңбек жазған ғалым.

Comments (0)
Add Comment