Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өтті

Tәуелсіздік – барша қазақ үшін қастерлі ұғым. Сондықтан төл мереке шетелде де кеңінен тойланып жатыр. Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өтті,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кеште қазақ жұртын көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен өнер адамдары, шетелдік дипломаттар мен қазақ диаспорасы құттықтады.

Шара барысында ақ дастархан жайылып, қазақтық ұлттық тағамдары таныстырылды. Елімізден келген өнерпаздар келушілердің құлақ құрышын қандырды. Тұңғыш рет түрік дизайнерінің қазақтың ұлттық киімдерінен құралған сән дефилесі ұйымдастырылды.

Comments (0)
Add Comment