Энергетика саласының сарапшысы әрі KEGOC АҚ-тың бұрынғы басшысы бірнеше өңірде электр қуаты өшіп қалуының ықтимал себептері туралы айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Наурызбаев Қазақстанның бірқатар өңірінде, сондай-ақ Орталық Азия елдерінде электр қуаты өшкені туралы деректер жоқ екенін, бірақ апат Өзбекстан аумағында болуы ықтимал екенін айтты. Наурызбаевтың айтуынша, Өзбекстандағы проблемаларға байланысты Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларда электр жарығы бірінші рет өшіп отырған жоқ. Алматыда осыған ұқсас жағдай екі рет болған.
«Сонымен қатар, резервте тұрған электр станциялары пайдаланылды, нәтижесінде резерв жойылды. Кез келген генерация активтерінің жоғалуы электр қуатының сөніп қалуына әкеледі», – деді Науразбаев.
Еске салайық, Алматыда және Қазақстанның бірнеше облысында электр қуаты өшіп қалды. Бұған дейін Алматы әкімдігі оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын. Сондай-ақ, БАҚ Өзбекстан мен Қырғызстан қалаларында да жарық сөнгені туралы хабарлады.