«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

Мәдениет пен өнердің ордасына айналған Алматы шаһарында елімізде тұңғыш рет Қазақстанның I мәдениет форумы өтті. Екі күнге созылған форумға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев және еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған  500- ге жуық мәдениет саласының өкілдері қатысты. Ауқымды шараға Жамбыл облысынан 10 делегат арнайы барды.  Форум барысында республика бойынша  47 өнер өкілі «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталды. Марапатталғандар қатарында жамбылдықтар да бар. Нақтырақ айтсақ, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының директоры – Сейітқасым Түктібаев пен А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі Жүніс Әлімбеков ұзақ жылдар бойғы сіңірген еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды. Сонымен қатар, мәдениет саласының дамуына елеулі еңбек етіп жүрген жерлесіміз, белгілі әнші Құрмаш Махан да арнайы марапатқа ие болды.

Жамбылдық өнер өкілдерін маңызы жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтай отыра, асқақ абырой, шығармашылық табыс тілейміз!

 

Ғалия АБЫЛАЙ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер

және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы

Comments (0)
Add Comment