Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар аймақтарында дауылды ауа райы сақталады деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 15-20 м/с-қа дейін, 26 желтоқсанда түнде екпіні 25 м/с-қа дейін барады.

Тараз қаласының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с-қа дейін баратын жел соғады.

Қостанай облысындаоңтүстік-батыстан соғатын желдің күші өңірдің солтүстігінде 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыс орталығында шығыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с. Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Оңтүстікте, Түркістан облысының тау бөктерінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

 

Comments (0)
Add Comment