Қазақстанмен арадағы шекарасын жапқан Өзбекстан газ экспортын да тоқтатты

Өзбекстан табиғи газ экспортын тоқтатты. Мұндай шешімді Энергетика министрлігі қабылдаған. Көрші ел Орталық Азия мемлекеттеріне, соның ішінде Қазақстанға да табиғи газ жеткізетін, деп хабарлайды“Jambul-Taraz” ақпарат агенттігі  «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Өзбекстанда көліктердің басым бөлігі көгілдір отынмен жүреді. Ел Орталық Азияда газ қоры бойынша Түрікменстан мен Қазақстаннан кейінгі 3-орында тұр. Көрші республикалар бір-бірін қажетті энергия ресурстарымен қамтамасыз етеді. Бірақ биылдан бастап жағдай өзгереді екен.

«Өзбекстан Үкіметі газ экспортын шектеу жөнінде шешім қабылдады. Оның орнына ішкі нарықта кәсіпорындар қуатын арттыру үшін қолданылады. Шикі күйінде емес, сол арқылы дайын өнімдер жасап, сырт елдерге тасымалдаймыз», – деді Өзбекстанның Энергетика министрлігі басқармасының басшысы Жамал Хұсанжанова.

Саладағы бұған дейін қабылданған шешімдер де күшін жоюы мүмкін. Мәселен, қолданыстағы келісім бойынша Өзбекстан алдағы бірнеше жыл бойы көршілес Қытайға көгілдір отын жеткізуге міндетті.

Comments (0)
Add Comment