Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Канаданың Торонто қаласында WTA 1 000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің №7 ракеткасы Джессика Пегулаға қарсы ойнады. Қарсыластар бұған дейін кортта өзара кездеспеген
Пегула 6:3, 6:3 есебімен екі сетте жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 21 минутқа созылды.
Америкалық теннисші финалға шығу үшін әлемнің 15-ракеткасы, румыниялық Симона Халепке қарсы ойнайды.
Ю.Путинцева жұптық сында да жартылай финалға өте алмады. Ол америкалық София Кенинмен бірге ширек финалда америкалық Мэдисон Киз және үндістандық Саня Мирзаға жол беріпғ 5:7, 6:3, 6:10 есебімен жеңілді.
Қазақстандық теннисші алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 38-орынға көтеріледі.