Қазақстандықтардың 80%-дан астамы президент жолдауында айтылған ұсыныстар туралы оң пікірде

Осы жылдың 1 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялап, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа экономикалық саясат шараларын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметі жолдау қорытындылары бойынша қазақстандықтарға жедел-сауалнама деректерін ұсынады.

Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың 43,46%-ы Президент Қ.К. Тоқаевтың Жолдауының мазмұны туралы жақсы хабардар. Тағы 48,88% жаңа шаралар туралы естіді, бірақ егжей-тегжейін білмейді. Ал 7,67%-ы онымен әлі танысып үлгермеген.

Сауалнамаға сәйкес, Президенттің ұсыныстары ақпараттандырылған азаматтардың басым көпшілігіне оң әсер қалдырды – 80,07%. Ұсыныстың 14,73%-ы бейтарап әсер қалдырды. Теріс әсер туралы 1,11% хабарлады.

Жолдаудың бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдер кезеңінің ұлғаюы (54,15%), Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-ын 18 жасқа дейінгі балалардың жинақтаушы шоттарына есептеу (51,27%), ең төменгі жалақы мөлшерінің 70 мың теңгеге дейін өсуі (46,07%), 61 жастағы әйелдердің зейнеткерлік жасын белгілеу (41,53%), 100 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз ету (37,87%) және т.б. тақырыптары ақпараттандырылған азаматтар арасында барынша мақұлдауға ие болды.

Зерттеу осы жылы 1 қыркүйекте еліміздің 20 өңірінде 18 жастан асқан 800 қазақстандық арасында онлайн-сауалнама әдісімен жүргізілді, әр облыстың қалалары мен ауылдары іріктемелі қамтылды. Сауалнама нәтижелерін Қазақстанның барлық халқына экстраполяциялауға болады – зерттеу үлгісі ел тұрғындарының әлеуметтік-демографиялық және аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып жасалған.

Comments (0)
Add Comment