Қазақстандықтар Әбу-Дабиге 10 мың теңгеге ұша алатын болды

14 ақпан күні Қазақстанда «Нұр-Сұлтан – Әбу-Даби» бағыты бойынша жаңа әуе рейсі іске қосылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

 Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері астаналарын байланыстыратын жаңа рейстің билет құны 20 еуродан (9 760 теңге) басталады.

Рейстерді аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма сайын Wizz Air Abu Dhabi әуе компаниясы орындайды. Жолаушыларды А-321 типті ұшақ тасымалдайды. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниясы сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Comments (0)
Add Comment