Қазақстандықтар қайта вакциналау кезінде бірінші алған екпесін ала алмайды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте елімізде ревакцинация қалай ұйымдастырылатынын айтып берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның халқын иммундау жөніндегі консультациялық комиссиямен бірге халықты қайта вакциналаудың тәсілдерін пысықтаған.

“Халықаралық тәжірибені ескере отырып, коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау шарасының толық курсын өткеннен соң, 6-9 айдан кейін қосымша дозасын егу ұсынылады. Оның өзінде векторлы (Спутник V – ред.) вакцина алған тұлғаларға 9 айдан кейін инактивті вакцина егу, инактивті (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in – ред.) вакцина алған тұлғаларға 6 айдан кейін векторлы екпе салу көзделіп отыр. «мРНК-вакцина» (Pfizer – ред.) алған тұлғаларға 6 айдан кейін инактивті немесе векторлы екпе салынады. Сондай-ақ бірізді екпе түрін салу арқылы қайта вакциналануға жол беріледі», – деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Comments (0)
Add Comment