Қазақстандық студент қыз қол күрестіруден әлем чемпионы атанды. Видео

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің үшінші курс студенті қол күрестіруден әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы университеттің Instagram парақшасында жарияланды.

Жарыс Румынияның Бухарест қаласында 26-28 қараша күндері өткен. Қол күрестіру бойынша ХХХХІІ чемпионатының финалында отандасымыз түркиялық қарсыласынан басым түсіп, чемпион атанды

Байниязова Меруерт «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің 3 курсында оқиды.

Comments (0)
Add Comment