Қазақстандық ауыр атлет Ислам ойындарында чемпион атанды

Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло V Ислам ынтымақтастық ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен спортшы барлығы 220 келі көтерген (95+125).

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Зульфия үшінші талпыныста 130 келіні еңсере алмаған. Дегенмен Нигериялық қарсыласынан 18 келіге озып кеткен.

Зульфия Чиншанло Токио Олимпиадасында қола медаль жеңген еді.

Comments (0)
Add Comment