2021 жылдың қазан айы қорытындысы бойынша жаңа үйлердің және құрылыс материалдарының бағасы артты. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі «Нарық» сайтына сілтеме жасап.
Үй бағасының қымбаттауына сұраныстың көбейгенімен қатар құрылыс материалдарының да бағасының өскені әсер еткені анық. Құрылыс материалдары былтырдан бері 28% қымбаттаған екен. Ал тамыз айында өткен айдың тамызымен салыстырғанда 33,3% қымбаттаған еді.
Құрылыс материалдарының қымбаттауы үйбағасына тікелей әсер етіп жатыр. 2020 жылы құрылыс материалдары салыстырмалы түрде тұрақты болғанда үй бағасы да бірқалыпты еді. Биыл жыл басынан бері құрылыс материалдары күр қымбаттап, артынша үй бағасы да шарықтап кетті.
Кей сарапшылардың үйге сұраныс артқаннан кейін құрылыс материалдарын шығарушылар әдейі қымбаттады дегенді де айтады. Алайда, құрылыс материалдары тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойыша да өсіп барады.
Мәселен, Nasdaq биржасында құрылыс материалдарының құны бір жылда 19% өсіп кеткен екен.