Танымал қазақстандық қаржыгер, металлург және саясаткер Дәулет Сембаев 87 жасында қайтыс болды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Дәулет Хамитұлы Сембаевтың бүгін түнде қайтыс болғаны хабарланды.
Осы жылдар ішінде премьер-министрдің орынбасары, 1993-1996 жылдары – Ұлттық банк төрағасы, Сенат депутаты болды. 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап Халықаралық бизнес академиясының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
Tengrinews.kz редакциясы Дәулет Хамитұлы Сембаевтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.