Қазақстанда «қызыл» аймақта екі облыс қана қалды

15 қарашадағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары тұр. «Жасыл» аймақта – Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Comments (0)
Add Comment