Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 225 адам қаза тапқан

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны белгілі болды, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаевтың айтуынша, елде тәртіпсіздіктер кезінде жалпы 4578 адам зардап шеккен, оның ішінде 4553 адам жарақат алған. Оның 3393-і құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

«Бүгінгі таңда 4578 жәбірленуші анықталды, 4353-і жараланды, оның ішінде 3393 құқық қорғау органдарының қызметкерлері. ТЖ кезінде қаза тапқан 225 адам мәйітханаларға жеткізілді. Олардың бір бөлігі терактілерге қатысқан, ғимараттар мен құқық қорғауқызметкерлеріне шабуыл жасаған қарулы жендеттер”, – деді ол ОКҚ брифингінде.

Сондай-ақ қаза болғандардың ішінде 19 полиция және әскер қызметкерлері бар.

“Аталған деректер алдын ала сипатта. Олар әлі нақтыланып жатыр, өзгеруі де мүмкін. Дегенмен, әрбір факт мұқият тексеріледі, нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі”, – деді Шалабаев.

Comments (0)
Add Comment