Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде студенттер ұсталды ма?

Қазақстанда болған тәртіпсіздіктерге студенттер қатысқан жоқ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Тойбаев Әділет ОҚК-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды “Jambyl -Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қазақстанда болған тәртіпсіздіктер кезінде қатысқан немесе ұсталған студенттер бойынша бізде ресми ақпарат жоқ. Бүлік болған уақытта олар демалыста болды. Оқиғалар орын алған сәтте 5-6 мың студент жатақханада тұрды. Оның көбісі шетелдік білім алушылар. Студенттердің қауіпсіздігін ұстаздары бақылады. Осы сәтте, мемлекет басшысының студенттерге тәртіпсіздіктерге қатыспағаны үшін алғыс айтқанын айтқым келеді”, – дейді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Тойбаев Әділет Жүнісұлы.

Бұған дейін Астана медицина факультетінің студенті Әмір Сағындықов 5 қаңтарда Шымкенттегі тәртіпсіздік кезінде аяғынан жарақат алғанын жазған болатынбыз. 

Comments (0)
Add Comment