Дағдарысқа қарсы жедел штаб отырысында импорттық тауарлардағы мемлекеттік тілдегі этикетка мен қосымшалар туралы заң жобасын уақытша алып тастау ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кәсіпкерлер мұндай шараның этикетканы жабыстыру, көбейту және шығаруға қатысты шығынды азайтынын алға тартты.
Мұны алмастыру үшін тауарға QR-кодты уақытша енгізу ұсынылды. Олар кодта тауар жайлы толық ақпарат көрсетілетінін алға тартты.
Премьер-министр Әлихан Смайылов кәсіпкерлердің бастамасын қолдады. Жобаны апта соңына дейін президенттің қарауына ұсынбақшы.