Қазақстанда түнгі клубтардың ашылуына рұқсат берілмек

Қазақстанда түнгі клубтар Ashyq жүйесінде «жасыл» мәртебесі бар келушілер үшін жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Шешім коронавирустық инфекцияның таралмауы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

Сонымен қатар, әрбір санитарлық-эпидемиологиялық аймақ бойынша олар түнгі клубтардың болуына шектеулер қоймақ:

– «жасыл» аймақта – 100 адамнан аспауы тиіс;

– «сары» аймақта – 70 адамнан аспауы тиіс;

– «қызыл» аймақта – 50 адамнан аспауы тиіс.

Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысушыларға жеңілдіктер қарастырылып жатыр.

«Енді Ashyq жобасының қатысушылары сағат 3.00-ге дейін, ал көшбасшы – жасыл аймақта 5.00 -ге дейін және сары аймақта сәйкесінше 1.00 және 3.00 -ге дейін жұмыс жасай алады. Біз бас санитарлық дәрігерлердің қаулыларына өзгеріс енгізуін күтеміз», – деді» Атамекен» басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Шешім Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілгеннен кейін күшіне енеді.

Comments (0)
Add Comment