Қазақстанда құтқарушылардың зейнетке шығу жасы төмендетілуі мүмкін

Асқар Мамин Қазақстан Халық партиясы депутаттарының сауалына жауап беріп, құтқарушылардың зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірі, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Төменше жағдайлар министрлігі «Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау бойынша заңдық актілерді толықтыру және өзгеріс ензіу туралы» заң жобасын дайындап жатыр. Мұнда мынадай сұрақтар қарастырылмақ:

  • Азаматтық қорғау органы қызметкерлеріне тұрғын үй қаржысын төлеу және әскери істерге жақын жұмыс кезінде қосымша үстемеақы беру;
  • Құтқарушыларды арнайы атақ берілген азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің категориясына өткізу арқылы зейнет жасын азайту;
  • Жұмыс бабы бойынша көшкенде өтемақы төлеу, тұрғылықты орнын ауыстырғанда жүк тасымалына төленген ақшаны қайтару.

«Құтқарушылар мен азаматтық қорғау органы қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мәселесі бюджеттің кіріс мөлшері мен елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты қарастырылады. Бұл сауал құзырлы органдар мен үкімет назарында», – делінген хабарламада.

Comments (0)
Add Comment