Қазақстанда ОТӨ тізілімін құру аяқталуда

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ететін Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін құру жөніндегі жұмысты аяқтауда. Саланы цифрландыру барысы және Президенттің бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы вице-министр Олжас Сапарбеков Үкіметтің қорытынды баспасөз мәслихатында айтты.

Бүгінгі таңда 39 компания тексеруден өтіп, 127 өтінім берді. Жаңа дерекқор өндірушілерді онлайн тіркеуге және сатып алу жүйелерімен біріктіруге мүмкіндік береді.

«Тізілім өндірістік қуаттар мен локализация деңгейі туралы толық ақпарат береді, бұл процестердің ашықтығын арттырып, қазақстандық зауыттарға нақты қолдауды қамтамасыз етеді», — деді вице-министр.

Comments (0)
Add Comment