Қазақстанда «омикрон-штаммға» байланысты 5 қаңтардан бастап шектеулер енгізілмек

ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев үкімет отырысында 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап елімізде қосымша алдын алу шараларын енгізу жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kzсайтына сілтеме жасап.

Жандос Бүркітбаев эпиджағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі әлемде «омикрон-штамм» нұсқасының таралуының жоғары қарқыны екенін айтты.

“30 қарашадағы жағдай бойынша коронавирустың «омикрон-штаммы» 16 елде, ал бүгінгі күні әлемнің 110 елінде анықталды. «Омикрон» штаммының таралу коэффициенті жоғары –  1:5-ке тең, сондай-ақ, штаммды қайта жұқтыру қаупі жоғарылағаны байқалады”, – ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамын жариялады, оған сәйкес ауру бірнеше ай бойы бүкіл әлемге таралады.

Сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне; спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға; караоке; бассейндер; сауналар, моншалар; банктер; «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, ХҚКО-ға Ashyq қосымшасы бойынша «жасыл» статусы бар адамдарға ғана кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша алдын алу шараларын енгізу ұсынылады.

Аталған норманы 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап енгізілмек.

 

Comments (0)
Add Comment