Бас санитар дәрігердің міндетін атқарушының «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» қаулысы шықты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыға қол қойды.
«Облыстар, Алматы, Нұр-Сұлтан пен Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және водомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін», – делінген құжатта.
Алайда барлық жерде сақтық шаралары сақталуы шарт.
Сондай-ақ, Есмағамбетова санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту туралы бұрынғы қаулының күшін жойды. Бас санитар қаулысының толық мәтіні мына жерде жарияланған.
8 ақпанда Коронавирус инфекциясыың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мектептердің толық офлайн оқыту форматына көшуі туралы мәселе талқыланған болатын.