Барлық азаматтың банк несиелері кешіріледі деген қауесетті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жоққа шығарды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.
«Несиелік рақымшылық жасалмайды. Бұл жалған ақпарат»,- деді сұраққа жауап берген ведомствоның call-орталығы.
Бұған дейін, қаза болған тәртіп сақшыларының отбасына берілген несиені Еуразиялық банк, «ЦентрКредит», Halyk Bank, Сбербанк, HomeCredit, Jusan Bank, Альфа Банк және ВТБ банктері кешіргені хабарланған болатын.