Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Кейінгі күндері Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. 10 қазанда 26 адам коронавирус жұқтырған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«11 қазандағы мәлімет бойынша, 1 029 адам коронавирус инфекциясынан (–894 + және 135 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 111 пациент стационарда, 918 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр», – делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 4 адамның жағдайы ауыр,
  • 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Comments (0)
Add Comment