Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 31 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 32 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі tengrinews сайтына сілтеме жасап.

Қайтыс болғандар арасында 25 адам коронавирус жұқтырған, 6 адам пневмонияға шалдыққан.

13 қарашадағы мәлімет бойынша 35 407 адам коронавирус инфекциясынан (30 353 КВИ+ және 5 054 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 6 609 пациент стационарда,
  • 28 798 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 514 адамның жағдайы ауыр,
  • 127 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 89 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Comments (0)
Add Comment