Қазақстанда кейінгі тәулікте 2 930 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kaz.tengrinews сайтына сілтеме жасап.
«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 930 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 848 318 жетті», – делінген хабарламада.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 326,
- Алматы қаласында – 612,
- Шымкент қаласында – 128,
- Ақмола облысында – 185,
- Ақтөбе облысында – 150,
- Алматы облысында – 240,
- Атырау облысында – 93,
- Шығыс Қазақстан облысында – 140,
- Жамбыл облысында – 46,
- Батыс Қазақстан облысында -88,
- Қарағанды облысында – 340,
- Қостанай облысында – 147,
- Қызылорда облысында – 69,
- Маңғыстау облысында – 70,
- Павлодар облысында – 184,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 78,
- Түркістан облысында – 34.
Сонымен қатар, Қазақстанда 4 123 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 509,
- Алматы қаласында – 1203,
- Шымкент қаласында – 24,
- Ақмола облысында – 241,
- Ақтөбе облысында – 0,
- Алматы облысында – 412,
- Атырау облысында – 411,
- Шығыс Қазақстан облысында – 58,
- Жамбыл облысында – 35,
- Батыс Қазақстан облысында – 141,
- Қарағанды облысында – 354,
- Қостанай облысында – 170,
- Қызылорда облысында – 114,
- Маңғыстау облысында – 178,
- Павлодар облысында – 232,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 21,
- Түркістан облысында – 20.
Елімізде барлығы 770 558 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Вакцинаға келер болсақ, 2021 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы екпенің 1-компонентін 7 160 129 адам, 2-компонентін 5 982 331 адам салдырды.