ҚР-да өндірілген көмірдің үштен бір бөлігі экспортқа кетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі EnergyProm сайтына сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында лигнит пен көмір концентратын қоса алғанда, тас көмірін өндіру көлемі 76,5 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,5%-ға өскен. Оның 70,6 млн тоннасы тас көмір, 3,1 млн тоннасы лигнит, 2,7 млн тоннасы көмір концентратына тиесілі.
2022 жылы отандық компаниялар 99,6%-ға тас көмірге сұранысты (ішкі нарықта сату және экспорт) қамтамасыз етті. Осы кезеңде өндіріс 5,8%-ға, яғни 66,4 миллион тоннаға дейін өсті, ал импорт, керісінше, 18,3%-ға, 285,8 мың тоннаға дейін төмендеді.
Экспорт 16,3%-ға артып, 20,9 миллион тоннаға жетті, ал ішкі нарықта сату тек 1,4%-ға өсіп, 45,7 миллион тоннаны құрады.
2022 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанда тас көмір халық үшін бір айда 2,9%-ға және бір жылда 10,8%-ға қымбаттаған.
ҚР қалаларында 1 тонна тас көмірдің орташа бағасы бір жылда 13,7 мың теңгеден 15 мың теңгеге дейін өсті. Ең қымбаты Тараз және Орал қалаларында: онда көмір тоннасына 19,5 мың және 19,3 мың теңге. Сонымен қатар, Жезқазғанда 16,4 мың теңге, Алматыда 16,2 мың теңге және Талдықорғанда 16 мың теңгені құрайды.