Қазақстанда ішкі туризм көрсеткіштері екінші жыл қатарынан өсіп келеді. Бұл туралы Kazakh Tourism баспасөз қызметі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап жазады, – деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.
Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша орналастыру орындары қызмет көрсеткен ішкі туристердің саны 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 пайызға артып, 2,7 миллион адамды құрады (2021 жылдың екінші тоқсаны – 2,1 миллион).
2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсетілген көрсеткіш 600 мың адамға шаққанда пандемияға дейінгі деңгейден (2019 жылдың екінші тоқсаны – 2 миллион адам) жоғары.
Орналастыру объектілері 67,7 миллиард теңге сомасына қызмет көрсетті, бұл 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен (44,6 миллиард теңге) салыстырғанда 52 пайызға артық.
Қазіргі кезеңнің көрсеткіші 50,9 миллиард теңге сомаға қызметтер көрсетілген 2019 жылғы екінші тоқсанның пандемияға дейінгі деңгейінен асып түсті.
Сондай-ақ, орналастыру орындары қызмет көрсеткен шетелдік туристер санының өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге артып, 292 мың адамды құрады. Салыстыру үшін: 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық қонақүйлер 123 мың шетелдік туриске қызмет көрсетті.
Сонымен қатар, осы жылдың бірінші жартыжылдығында орналастыру орындарының саны 3831 бірлікті құрады. Бір реттік сыйымдылығы – 200 мыңға жуық төсек-орын.
Бұған дейін 2022 жылғы 1 маусым мен 8 тамыз аралығында Қазақстанға 160-тан астам елден жүз мыңнан аса шетелдік туристер келгені белгілі болған.