Қазақстанда интернет неге баяу істеп тұрғаны белгілі болды

29 қыркүйек күні таңертең Қазнетке тағы да ауқымды кибершабуылдар жасалғаны белгілі болды. Бұл туралы turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ өкілдерінің айтуынша, бұл жағдай Қазақстанның барлық өңіріндегі интернет байланысының жұмысына кері әсер етеді.

«Қазіргі уақытта «МТҚ» АҚ-ның техникалық мамандары қауіптерді залалсыздандыру жұмысымен айналысып жатыр», – делінген «МТҚ» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларында бірнеше күннен бері интернетте ақаулар байқалды. Қазнетке DDoS шабуылы алғаш рет 25 қыркүйекте белгілі болды.

«МТҚ» АҚ кибершабуылдар байланыс операторларының магистральдық арналарына жүктеменің артуына әкеп соқтыратынын ескертті.

Comments (0)
Add Comment