Елімізде бүгін, 22 қарашада халықты қайта вакциналау үрдісі басталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ревакцинация екі кезеңнен тұрады. Бұған дейін вакцинаның екі компонентін салғызғандар жаңа жылға дейін үшіншісін қабылдайды. Бірінші кезекте қайта вакциналаудан медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық балалар мекемелерінің мамандары, сондай-ақ ішкі істер құрылымдарының қызметкерлері өтеді.
Биыл ревакцинациядан 60 жастан асқандар мен денесінде антидене қалыптаспаған адамдар өтеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ревакцинацияның бірінші кезеңінде миллионға жуық қазақстандықты, екіншісінде 6 миллионнан астам тұрғынды вакциналау жоспарлануда.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанға Pfizer вакцинасының жаңа партиясы жеткізілгені айтылған еді.