Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан азаматтарының орташа айлық жалақысы – 243 мың теңге.
Ең жоғары жалақы:
– тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында – 501,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары);
– қаржы және сақтандыру қызметінде – 452,8 мың теңге (1,9 есеге жоғары);
– кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 369,5 мың теңге (1,5 есеге жоғары);
– ақпарат және байланыс саласында – 331,1 мың теңге (1,4 есеге жоғары).
Ал ең төменгі жалақы:
– сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметкерлерінде – 154,9 мың теңге;
– ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 167,5 мың теңге.
Өңірлер бойынша ең жоғарғы орташа еңбекақы Атырау облысында – 419,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары. Түркістан облысында – шамамен 181,1 мың теңге, бұл – ел бойынша орташа деңгейден 25,7% төмен.