Қазақстанда қанттың бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы белгіленеді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сауда министрлігіне ішкі нарықты демпингтен қорғау үшін қанттың ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу мәселесін тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігіне Сауда министрлігімен, «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, қант зауыттарын жаңғырту және шикізат сатып алу үшін айналым қаражатын толықтырып, жеңілдетілген несиелендіру мәселесін пысықтау тапсырылды.

«Зауыттар алдында өзара міндеттемелерді белгілеу қажет. Оның ішінде сатылатын өнім бағасының шарықтауын болдырмау керек», – деді Әлихан Смайылов.

Ол сонымен қатар қант өнеркәсібін дамытудың тиісті кешенді жоспары әзірленгенін айтты.

«Біріншіден, біздің алдымызда қант зауыттарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету міндеті тұр. Осыған байланысты егіс көлемін 3 еседен, 11,5 мыңнан 38 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда», – деп қосты министр.

Бұған дейін ол қант жеткізу бойынша жағдайдың тұрақтанғанын жеткізген болатын.

Comments (0)
Add Comment