Қазақстанда алғашқы онлайн университеттер ашылады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
«Қазақстан білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне жаңа оқыту құралын енгізбек. Сөз онлайн-оқыту форматы жайлы болып отыр. Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады», – деді вице-министр министрліктің алқа мәжілісінде.
Айта кетейік, елімізде жоғары оқу орындарына бөлінетін гранттар саны 5 мыңға артады. Олардың 60%-ы техникалық мамандықтарға беріледі. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық студенттердің техникалық мамандықтар бойынша білім алуы керектігін айтқан еді.
Қазақстанда ҰБТ басталды: 100 мыңнан аса өтініш түскен
»Тоқаевтың тапсырмасы»: «Болашақ» бағдарламасына қандай өзгерістер енгізіледі
Қуаныш Ерғалиев президенттің тапсырмасымен, «Болашақ» бағдарламасын қайта реформалау жұмыстарының басталып кеткенін айтты.