Қазақстанда айырбастау пунктерінде доллар шарықтады

    Нұр-Сұлтан уақытымен таңертеңгі сағат 11:45-тер шамасында Алматыда айырбастау пунктерінде доллар бағамы 463-465 теңге аралығында сатылып жатты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Azazttyq.org сайтына сілтеме жасап.

Kurs.kz сайтындағы мәліметке қарағанда, Алматы мен Нұр-Сұлтанда кейбір айырбастау пунктерінде доллар сату тоқтатылған.

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігі Қазақстан айырбастау пунктері қауымдастығының президенті Арчин Ғалымбаевтың «қазір долларды қандай бағаммен сату қажеттігі жөнінде ортақ түсінік жоқ» деген пікірін келтірді.

Қазақстан қор биржасы (KASE) 24 ақпан таңғы 11:30 уақытында 1 долларды 452 теңгеге бағалады. Санаулы күн бұрын Қазақстан валютасының долларға шаққандағы құны 428-430 теңге аралығында болатын.

Comments (0)
Add Comment