Қазақстанда дизель мен газдан бөлек бензиннің де бағасы қымбаттап жатыр. Жанармайдың құны әсіресе солтүстік өңірлерде көтерілген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Халық бағаның бес теңгеге қымбаттағанын қазірден бастап сезінуде. Айтуларынша, жағармай бекетіне барсаң жанар-жағармайдың тапшы. Ал бар жердің өзі тек талон талап етеді деп шағымданады. Оның үстіне, көрші Ресей жүргізушілерінің біздегі бензинді жаппай сатып алуы жанармай дефицитін тудыруда дейді.
Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоков жыл сайын 2-3 теңгеге қымбаттайтын бензинді Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстанмен теңестіру халықтың жағдайына сай емес дейді. Сарапшы жанармай құны сияқты қазақстандықтардың айлығы тез көтерілмейді дейді .
“Жауапты министрлік Қазақстандағы бензин бағасын Ресеймен теңестіру керек деген ұсыныс айтты. Олардың ойларынша біздегі арзан жағармайды көрші елдің азаматтары әкетіп жатыр. Осылайша бензин тапшылығын шешеміз дегендері шығар. Бірақ, бірден 50-60 теңгеге өсірсе, жағдайды ушықтырып алады”, – дейді Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоков