«Самұрық-Қазына» елімізде атом электр станциясын салу жобасын іске асыра бастады, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.
АЭС салу жобасын «Самұрық-Қазына» қоры Үкімет басшылығымен бірлесіп іске асыруға кірісті. Бұл бағыттағы жұмыс туралы біз мүдделі тұлғаларға, журналистерге және қоғамға баяндап отырамыз,— деді Алмасадам Сәтқалиев.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде АЭС қайда салынатыны туралы айтқан еді.