Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап шектеулер енгізіледі

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирустың жаңа штамы Omicron-ның пайда болуына байланысты 3 желтоқсаннан бастап Қазақстанда шектеу күшейтілетінін айтты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Omicron штамы Қазақстанда таралып кетпеуі үшін ведомствоаралық комиссияда биыл 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу енгізу туралы шешім қабылданды.

  1. Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу.
  2. Omicron штамы анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан, міндетті ПТР тест талап ету.
  3. Omicron штамы анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан, 7 күнге үй карантинге оқшаулануы тиіс.
Comments (0)
Add Comment