Қазақстанда 26 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер Қазақстанда 27-29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеем жасап.

Болжам бойынша қатты аяз болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында -18…-23°С, кей жерлерде -26°С дейін күн суытады.

“Батыста, сондай-ақ 28-29 қаңтарда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, таулы аймақтарда қатты жаңбыр мен қар күтіледі”, деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.

26 қаңтарда Қазақстанда бұрқасын, тұман күтіледі.

Comments (0)
Add Comment