Қазақстан Украинаның Чернигов облысына гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан Украинаның Чернигов облысына 13,6 тонна болатын гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Укринформ басылымына сілтеме жасап. 

«Облыс 12 тонна азық-түлік пен 1 тоннаға жуық гигиеналық заттарды алды. Осындай қолдау үшін біз шетелдегі достарымызға соның ішінде гуманитарлық көмекті жеткізуді ұйымдастырған Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігіне алғыс айтамыз», – деді Чернигов облыстық әскери әкімшілігі басшысының кеңесшісі Юрий Музыка.

Азық-түлік қатарында ұн, қант, бұршақ пен қарақұмық, тұз, ет пен балық консервілері бар. Көмекті әскери іс-қимыл салдарынан көбірек зардап шеккен және қорғалмаған азаматтарға үлестіріледі.

Көмек жинауда қазақ балалары шет қалмаған. Мектептерде түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Бұл туралы балалар өз хаттарында жазған.

Comments (0)
Add Comment