Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы

Еліміздегі барша халықтың басын біріктіруші фактор ретінде қазақ тілін ілгерілету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттардың бірі.

Басты мақсат – қазақ тілінің толыққанды қызметін қамтамасыз ету, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту, тіл мәдениетін арттыру, тілдік капиталды дамыту.

Мемлекеттік бағдарламада жергілікті атқарушы органдарға тиесілісі1 индикатор, 5 нәтижелі көрсеткіш толығымен орындалды.

Жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі – 91,8%-ды құрап отыр (жоспар 2021ж – 91%, 2022ж –92%), мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, оқитын және жазатын халықтың үлесі – 68,6% (жоспар 2021ж – 55,7%, 2022ж – 59,5 %).

Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі – 94,5% (жоспар 2021ж – 90,2%, 2022ж – 90,4%), ағылшын тілін меңгергендер үлесі – 28,1% (жоспар 2021ж – 28%, 2022 ж – 28,5%), үш тілді меңгергендер– 30,5% (жоспар 2021ж -27%, 2022 ж – 28%).

Тараз қаласы әкімдігіне қарасты 13  бөлімнің  құжат айналымындағы қазақ тілінің жағдайы үнемі бақылауда. Бөлім ай сайын және тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.

Ағымдағы жылдың 2022  жылдың 10айы бойынша  шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлес салмағы 100% құрап отыр.

Бөлімнің  жұмысында мемлекеттік тілдің әлеуметтік мәртебесін жоғарылату, мемлекеттік тілді рухани- мәдени құндылық ретінде дәріптеу  маңызды міндеттердің бірі болды.

2022 жылдың 10 айы бойынша мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру  мақсатында – 5 іс-шара, қазақ тілінің латыннегізді әліпбиіне көшу мақсатында – 19 іс-шара, ономастика саласы бойынша – 8 іс-шара  ұйымдастырылды.

Әлеуметтік желіде 3 жобаны жүзеге асырылды – «Жаңа қазақ әліпбиі»,  «Мемлекеттік тіл-менің тілім», «Қазақ тілі – ғажап тіл»  челленджі.

         «Жаңа қазақ әліпбиі» ақпараттық инста парақшасында оқу дағдысын қалыптастыру үшін латын графикасында ғұламалардың қанатты сөздері,  #Jañaqazaqälıpbiı хештегімен жариялануда.

«Қазақ тілі – ғажап тіл» – челленджі аясында белгілі ақын-жазушылардың  мемлекеттік тіл туралы өлеңдерін оқитын 33 бейнеролик орналастырылса, «Мемлекеттік тіл-менің тілім» челленджін 51 адам қатысып, видеолары әлеуметтік желіге жарияланды.

«Менімен қазақша сөйлес!» атты акциясы жарияланып, қала бойынша сауда орталықтары, шағын және орта бизнес субъектілеріне, банктер мен халыққа қызмет көрсету мекемелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмектер көрсетілді.

Қазақстан дамуында өзге елдердің де назарын аудартып отырған маңызды реформалардың бірі, рухани кеңістікте үлкен өзгеріс күттіріп отырған мәселе – қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары.

Әліпбидің жаңа нұсқасы мақұлданған, бірақ бекітілген жоқ.

Бұл бағыттағы жұмыстар негізінен латын графикасындағы әліпбидің жетілдірілген жобасымен таныстыру, түсіндіру форматында жүргізіледі.

Жаңа қазақ әліпбиінің жетілдірілген жобасын халық арасында жан-жақты түсіндіру, жаңа әліпбиге бейімдеу, насихаттау, диарктикалық таңбалармен таныстыру және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында қала тұрғындары арасында «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы» атты акциясы өткізілуде.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы» атты эссе жазу іс-шарасы, латын қарпінде жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің атасы» атты жаппай диктант  жазу акциясы өткізілді.

Эссе, диктант жазуға Тараз әкімдігіне қарасты бөлімдердегі мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орын студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.

Жаңа әліпби нақты бекітілген соң тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп дағдыландыру, оқыту жұмыстары қолға алынатын болады.

Тіл саясатын жүзеге асыруда баса назар аударар саланың бірі – ономастика.

           Бөлім тарапынан көше тұрғындарына, кварталдық комитет төрағаларына әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне, физикалық-географиялық объектілерге атау беру, оларды қайта атау мәселесі бойынша қағида талаптарынтүсіндіружұмыстары жүргізіліп отырады.
Кездесу барысында көшелерге атау беруде тарихымызды дәріптейтін дәстүрлі, жер-су атаулары мен республикамызға танымал, белгілі тарихи тұлғалардың есімдерін беру барысында қолданыстағы Қазақстан Республикасы  Президенті Әкімшілігімен келісілген«Тарихи тұлғалар»555, «Тарихи жер-су атаулары»380 және «Дәстүрлі атаулар»298 тізімі  таныстырылады.

Қаламызда 2021 жылғы мәлімет бойынша даңғыл, көше, бұрылыс, тұйық, өткелдердің жалпы саны – 1416.

Қазақша атаулардың саны  – 954. Оның ішіндегі тарихи тұлғалар – 536, жер-су атаулары – 178  және дәстүрлі атаулар – 240.

Орысша атаулардың жалпы саны –  462. Оның ішіндегі орысша кісі есімі  – 203, мағынасы ескірген орысша жер-су атаулары – 259.

Халық санағына байланысты жарияланған мораторий мерзімі аяқталғаннан соң, 2021 жылы атау беру және қайта атау жұмыстары жүргізілген қаламыздағы  37 көше   және шағынаудандарға   атау беру бойынша ұсыныс республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алып, 2022 жылдың 29 шілдесіндегі облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың №163,164 бірлескен қаулы және шешімдеріне сәйкес жаңа атау берілді.

Осыған орай, 2021 жылы мағынасы ескірген көше, бұрылыс, өткел, тұйықтардың саны  259 болса, қазіргі таңда олардың саны 241-ге азайды. Орысша кісі есімдері 203 болса, 197-ге азайып отыр.

Сонымен қатар, қазақша тарихи тұлғалар саны – 536 болса, биылғы жылы – 553-ке, жер-су атаулары – 178 ден 180-ге, дәстүрлі атаулар – 240 – тан 250 – ге көбейіп отыр.

2022 жыл бойынша жалпы көше саны – 1421  (Гидрокешен алабындағы  1-көше, Шаңырақ шағынауданындағы 15,16,18 – көшелер,  Кенесары даңғылы).

Жүргізілген жұмысты жалғастыру мақсатында ағымдағы жылы Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне тарихи  тұлғалар,  жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен атау бойынша 77 көшенің ұсынысы Қазақстан республикасы Үкіметі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына жолданып, оң қорытындыға ие болды. Қазіргі таңда, облыстық тілдерді дамыту басқармасы тарапынан бірлескен қаулы және шешімі әзірленіп, алдын-ала келісім алу үшін Әділет министрлігіне жолданды.

Оның ішінде мағынасы ескірген көшелер – 37, бұрылыстар – 8, тұйық – 1, қайталанатын атаулар – 2, атауы жоқ жаңа көшелер – 29.

Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде көше тұрғындарынан түскен өтініштерге сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясында мақұлданған  «555 Тарихи тұлғалар»,  «380Тарихи жер-су атаулары» және «298 Дәстүрлі атаулар» тізімін басшылыққа ала отырып, жұмыс жүргізіліп қала көшелеріне атау беру және қайта атау бойынша 11 көшенің ұсынысы ағымдағы жылдың 19 тамызы күні өткен әкімдіктің отырысы мен қалалық мәслихаттың сессиясында қаралып, бірлескен қаулы және шешім  шықты. Қажетті құжаттары жинақталып, республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды.

Оның ішінде мағынасы ескірген көшелер – 2, бұрылыстар – 2, қайталанатын атаулар – 2, бұрылыстар – 3, атауы жоқ жаңа көшелер – 1, жаңа алқап – 1.

Қазақстан Республикасы  Президенті Әкімшілігі Басшысының 2016 жылғы 20 шілдедегі №6-1 бұрыштамасына   сәйкес аншлагтарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылы жаңадан атау берілген және аншлагтары түсіп қалған, ескірген көшелердің аншлагтарын ауыстыру үшін бюджеттен қаржы қарастырылып, қазіргі таңда, жаңа үлгідегі аншлагтар әзірленуде.

Көрнекі ақпарат пен жарнама – тіл саласындағы ең бір өткір мәселе. Жиі-жиі сынға да ұшырайды.

         Жарнама беруші сататын затына мән береді де, жарнаманың тіліне мән бермейді. Тілді білмей немесе сауаты жетпегендіктен емес, салғырт қарағандықтан түрлі кемшіліктерге жол береді.

Қолданыстағы заңның бақылау, талап ету құзыреті жоққа тән.
Сондықтан да қала аумағында естіген құлаққа түрпідей тиетін, грамматикалық, стилистикалық қателері бар жарнамалар мен ақпараттар кездеседі. Орыс тіліндегі мәтіндер қазақ тіліне сөзбе-сөз аударылып, мағынасы бұзылған жарнамалар да кездеседі. Көшелерде, сауда орындарындағы, дүкендердегі «канцтовары», «хозтовары» «ведется видеонаблюдение», «мы открылись», «закрывайте двери», «требуется продовец» секілді мемлекеттік тілді ескермей, тек орыс тілінде рәсімделген ақпараттар тұрғындардың наразылығын туындатады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы көрсетілетін қызметтің түрлерін, қоғамдық тамақтану орындарындағы ас мәзірін жазу сияқты көпшілікке арналған хабарландырулардың қазақ тіліндегі нұсқасы сирек.
«Жауаптылар қайда қарап отыр?» деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Заңнамалық қателіктерді жергілікті атқарушы орган қызметкерлері тексеріп, бақылай алмайды.

Дегенмен, бұл салада деректемелер мен көрнекі ақпараттың сауаттылығын қадағалау, тілін реттеу, жүйелеу, оларды заңнама талаптарына сай орналастыру бойынша құқықтық түсіндіру, әдістемелік көмек көрсету жұмыстары бірнеше бағытта жүргізілуде.
Біз кәсіпкерлерге, жарнама агенттіктеріне көрнекі ақпараттар мен жарнамаларға қатысты әдістемелік көмек көрсете отырып, тегін аударма жасаймыз.
Әрине, бұл шаралар көрнекі ақпарат саласындағы заңбұзушылықтарды толық жоюға мүмкіндік бермейді.

Кәсіпкерлік нысандардың атаулары «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңмен реттелмейді.

         Ал, кәсіпкерлер жұмыстарын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі негізінде жүргізеді. Әрбір заңды тұлға «Электрондық үкімет» веб-порталы және кірістер басқармасына тікелей өтініш жазу арқылы жеке кәсіпкер ретінде тек қана аты-жөнін көрсету арқылы тіркеледі. Тіркелу барысында нысанның атауы көрсетілмейді.

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп жарнама мәтіндерін дайындау ісінде әдістемелік көмек көрсету, көрнекі ақпараттардың сапасын арттыру мақсатында  «Атамекен» Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалған.

Меморандумның тармақтарын жүзеге асыру мақсатында жарнама агенттіктері басшыларының қатысуымен офлайн және онлайн семинарлар өткізіліп, әдістемелік көмекші құрал әзірленіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Шағын және орта бизнес өкілдеріне, жарнама агенттіктеріне сыртқы көрнекі ақпараттың  (жарнама)  сауатты  жазылуына, орналасуына тағы басқа да мәселелер бойынша тегін  консультациялық  көмек көрсету үшін бөлімнен «Callcenter» құрылып, жауапты маман бекітілген.

Көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі әдеби нормалардың бұзылуын жою  жөніндегі шаралар ретінде ақпарат мәтіндерін әзірлеушілерге әдістемелік және консультациялық көмектер көрсетілуде.

Қазіргі таңда, қала көшелеріндегі нысандарда орналасқан жарнамалардың мәтіндеріндегі қателіктерді алдын – алу мақсатында жеке кәсіпкерлер жарнаманы орналастыруға  рұқсат алуда мәтіндерін мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен келісуде.

Ағымдағы жылыай сайын «Қала келбеті – 2022»зерделеу жұмысы, «Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға сауаттылық» атты айлық, «Таза қалаға-таза жарнама»атты акциясы, «Көркем тіл – көрікті жарнама» тақырыбында семинар-кеңестерөткізілуде.

Кездесу барысында жекеменшік ғимараттарда, олардың маңдайшаларында шетелше немесе көмескі жазылған мүлдем түсініксіз атаулардың болуына жол бермеу және жаңа ғимараттарды атау мәселесі, жарнаманы орналастырудағы тіл нормаларының сақталуы туралы айтылуда.

Сондай-ақ, жаңа «Тіл туралы» заң талаптары түсіндірілді, көрнекі ақпараттар мен жарнаманы дұрыс рәсімдеуді қамтамасыз ету, аударма мәселелері талқыланды. Бұл ретте тілдерді дамыту басқармасы мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінде жарнама мәтіндерін сараптап тексеру, аудару сияқты тегін қызмет көрсетілетіндігі түсіндірілуде.

Жыл басынан бері жүргізілген айлық, зерделеу жұмыстары барысында анықталған кемшіліктер бойынша жұмыстар жүргізіліп, бірқатары түзетілді.

Тіл – халықтың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлт­тың ұлылығын танытатын бас­ты күш. Ұлт болмысын ұғын­дырып, жалпы жұртты төңірегіне топтас­тырушы, біріктіруші ретінде де саналады. Сондықтан мемле­кеттік тілді білу – өмір талабы, за­ман сұранысы, қоғам қажеттілігі деген жөн. Тілді өмірдің барлық сала­­сын­да қолданып, аясын ке­ңей­ту жолында әрбір қазақстан­дық өзінің азаматтық міндетін ат­қарғанда ғана ол нәтижелі бола­ты­нына күн сайын көз жеткізіліп келеді.

Comments (0)
Add Comment