Қазақстан ресейлік СБЕР платформасынан бас тартты

Бұл жайлы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

«Қазіргі геосаяси ахуалды, сонымен қатар өзге де тәжірибелерімізді саралай келе өз күшімізбен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ымен жасаймыз деп шештік. Бұл платформа қазақстандық ІТ-компаниялардың күшімен жасалады. Қазір техникалық-экономикалық сараптама жасалып жатыр. Жыл соңына дейін бірінші сервистер дайын болады. Жобаға 2-3 жылда көшеміз», – деді вице-министр Орталық коммункациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Сбербанкпен арадағы цифрлық платформаның орнына отандық жоба іске асырылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

«Геосаясаттың салдарынан біз әлі шешім қабылдаған жоқпыз. Яғни одан бас тартамыз ба немесе басқа технологияға көшеміз бе деген мәселе пысықталып жатыр. Бірақ палатформаға көшетініміз анық. Осы орайда өзіміз жасаған жүйе де болуы мүмкін. Біз бір жылдың ішінде тиісті талдау жұмыстарын жүргіздік. Өзіміз жасаған платформаға белгілі бір уақыт пен қаражат керек болады. Талқылау аяқталған соң, бір айдың ішінде толық ақпаратты жариялаймын», – деген еді Бағдат Мусин.

Comments (0)
Add Comment