Қазақстан құрамасының формасы Бейжің Олимпиадасында ең мәнерлі киімдер қатарына кірді

Халықаралық Олимпиада комитеті Бейжің Олимпиадасына арналған ұлттық құраманың ең мәнерлі киімдері тізімін жариялады. Олардың қатарында қазақстандық спортшылардың олимпиадалық формасы да бар, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан сән сынағынан өтті. Форманың көк және ақ түстері мұз бен қарды бейнелейді, ал қара түс сәттіліктің белгісі», – деді Халықаралық Олимпиада комитетіндегілер.

Сондай-ақ, ХОК өз шолуында Forbes журналына сілтеме жасап, қазақстандық спортшылардың киімін «ең жақсы сәнді дипломатия» деп атады.

Бұған дейін америкалық басылым Қазақстанның олимпиадалық формасын өз рейтингіне қосқан болатын. Былтыр Forbes Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар формасы ерекше екенін мойындаған болатын.

Сурет: ХОК

Қазақстанмен қатар ХОК пен Forbes АҚШ, Канада, Ресей, Қытай, Швеция және Германия олимпиадашыларының формасы ерекше екенін атап өткен.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті 20 қаңтарда құраманың формасын таныстырды. Оны мына сілтемеден көре аласыз.

 

Comments (0)
Add Comment