Қазақстан құрамасы Люксембургпен болған жолдастық кездесуде жеңіліс тапты

Матч «Стад де Люксембург» стадионында өтті. Ойынның 2-минутында Қазақстан құрамасы сапынан Әділет Садыбеков есеп ашты. Бұл оның ұлттық құрама сапындағы алғашқы голы болды. 24-минутта Люксембург құрамасынан Жерсон Родригес есепті теңестірді. Кейін оның командаласы Данел Синани (45-минутта) гол салды. Осылайша, Магомед Адиевтің шәкірттері қарсылас командадан 2:1 есебімен жеңіліп қалды.

Еске салайық, осыған дейін екі құрама да Ұлттар лигасының жартылай финалында жеңіліп, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылған еді. Люксембург командасы Грузиядан 2:0 есебімен ұтылса, Қазақстан құрамасы Грекияға 5:0 есебімен жеңіліс тапқан болатын.

adyrna.kz

Comments (0)
Add Comment